19:51, 24 Сәуір 2023 | GMT +5
Қазақстан Премьер-Министрі Иранға барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Иран Ислам Республикасына сапары өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сапар Иран жағының шақыруы негізінде ұйымдастырылмақ.
«Сапар бағдарламасына сәйкес, Иран президенті Ибрахим Раисимен және Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездесулер жоспарланған», - деді А. Смадияров елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, сапар аясында Иран Ислам Республикасына Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы ұйымдастырылады. Сонымен қатар бірқатар ведомствоаралық меморандум мен бизнес келісімшарттарға қол қойылмақ.