Қазақстан Премьер-лигасы: «Ақтөбе» командасы өз алаңында «Жеңістен» басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-турында «Ақтөбе» сырт алаңда «Жеңістен» басым түсті.

Биыл «Ақтөбе» бас жүлдеге үміткерлер қатарында саналады. Сондықтан ақтөбелік клуб кейінгі турларда жақсы ойын өрнегімен көзге түсіп келеді. Бүгінгі кездесуде олардың қатарынан Агбо Уче Хэрри 27-минутта есеп ашса, елордалық клубтан Бруно Силва 39-минутта таразы басын теңестірді. Ал, ойынның 87-минутында Идрис Умаев соққан гол «Ақтөбенің» үш ұпай еншілеуіне септігін тигізді.
Осылайша ақтөбелік клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 28 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.
Дәл қазір аталған турдағы «Астана» мен «Тұран» (Түркістан) кездесуі өтіп жатыр. Әзірге есеп - 1:0.
Бұл турдағы «Тобыл» (Қостанай) мен «Шахтер» (Қарағанды) кездесуі 28 қыркүйекке белгіленген.
Еске салсақ, 3 тамызда «Қызылжар» «Жетісуды» 2:1, «Қайрат» «Елімайды» 4:1 есебімен жеңсе, «Атырау» мен «Қайсар» 2:2 есебіне қанағат білдірді.