Қазақстан Премьер-лигасы: Бүгін футболдан ел біріншілігінің ХХІІІ туры басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХІІІ туры басталады. 

футбол
Фото: Sports.kz

Бұл турдағы негізгі ойындар 19 қазанда сағат 18:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Ордабасы» (Шымкент), 20 қазанда 16:00-де «Елімай» (Семей) мен «Астана» арасында болады. Командалар биыл жүлделі орындарға қол жеткізуді алдына мақсат етіп отыр. Сондықтан жанкүйерлер аталған екі кездесуден тартысты бәсеке күтеді.

Сондай-ақ аталған турда 19 қазанда 14:00-де «Жеңіс» (Астана) пен «Жетісу» (Талдықорған), 16:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Тұран» (Түркістан) шеберлік байқасады.

Ал 20 қазанда 14:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Атырау», 18:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Шахтер» (Қарағанды) жасыл алаңға шығады.

Айта кетсек, футболдан бірінші лигада «Оқжетпес» бір тур бұрын Премьер-лигаға жолдама алды. Тағы екі жолдамаға Жезқазғанның «Ұлытау», Ақтаудың «Каспий» командалары басты үміткер болып отыр.

Соңғы жаңалықтар