Қазақстан Президенті «БРИКС плюс» саммитіне қатысушылармен әңгімелесті

ҚАЗАН. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында БРИКС-тің ХVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматына қатысушылар – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен және Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен жүздесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Жұмыс сапары
Фото: Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен барған болатын.

Жұмыс сапары
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы БРИКС саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді.

ҚР Президенті және өзге БРИКС+ саммитіне қатысушылар бірге суретке түсті.




Соңғы жаңалықтар