Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері Астанадағы мектеп-лицейге барды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халиф бен Заид Әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейге барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері№84 мектеп-лицейге барды
Фото: Ақорда

Мәртебелі меймандарға қазіргі кезде оқу ошағында 2800 бала білім алып, 159 педагог еңбек ететіні жөнінде ақпарат берілді. Биылғы оқу жылында «Цифрлы мектеп» жобасы дайындалып, жаратылыстану және математика пәндері 7 бағытта, атап айтқанда, IT STEM, FAB LAB, роботты техника, қолданбалы математика, биоинженерия, математикалық модельдеу, биохимия салаларына бөліп оқытылды.

мектеп
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян араб тілі кабинетін көрді. Мектеп оқушылары араб тілі мен әдебиетін меңгеруде жеткен жетістіктерін танытты. 

мектеп Президент
Фото: Ақорда

Оқушылар Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагеріне мектеп музейін таныстырды. Онда екі елдің ынтымақтастығы мен достығына арналған көрме ұйымдастырылған. 

мектеп
Фото: Ақорда

Экспозицияға ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі араб әлемі жөнінде сыр шертетін кітаптар, ұлттық киім үлгілері мен тарихи жәдігерлер қойылған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді.

 

Соңғы жаңалықтар