Қазақстан Президенті мен Иордания Королі «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Басқарушы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарды Орталық қызметінің нәтижелерімен, АХҚО сотының, Халықаралық төрелік орталығының, Қаржы қызметін реттеу комитетінің және АХҚО биржасының ерекшеліктерімен, сондай-ақ бірегей корпоративтік «Сенім музейінің» жұмысымен таныстырды.
АХҚО негізі қаланған сәттен бері 17 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Орталыққа 85 елдің 4200-ден астам компаниясы резидент ретінде тіркелді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла Қазақстан- Иордания бизнес-форумына қатысқанын жазған едік.
Президент Қазақстан Иорданиямен өзара тиімді серіктестікті ілгерілетуге айрықша мән беретінін айтты.