22:36, 28 Шілде 2025 | GMT +5
Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды
АНКАРА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Түркияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.


Қазақстан Президентін күтіп алу үшін трап алдында құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.




Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Түркияға ресми сапармен баратынын жазған едік.