Қазақстан Президенті бастамаларының одан әрі дамуы АӨІСШК-нің басым бағыты

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің атқарушы директоры, елші Шынар Әлдемірмен кездесті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің жауапкершілігіне қарйтын аймақты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелесі, сонымен қатар Азиядағы мемлекеттердің ынтымақтастығын, атап айтқанда гуманитарлық және экономикалық өлшемдегі ынтымақтастығын үйлестіруге қатысты бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің қарқынды дамуына қатысты сөз қозғалғанда, 1992 жылы БҰҰ-да айтылып, кеңеске мүше елдер сияқты, әлемдік қоғамдастықтың қолдауы мен мойындауына ие болған Қазақстан Респуцбликасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасының өзектілігі мен жетістігі аталып өтілді. Бүгінгі таңда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі 3 млрд.-қа жуық халқы бар 22 мемлекетті қамтитын үлкен еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік пен өзара түсіністікті нығайтып отырған, көпжақты дипломатияның сұранысқа ие және тиімді дамып келе жатқан форумына айналды.

Осыған байланысты, ҚР СІМ басшысы кеңеске мүше жаңа мемлекеттердің әл-ауқатын АӨІСШК-нің қызметін оңтайландыру мен диалогты одан әрі нығайтып, дамыту үшін пайдалану керек екендігін атап өтті.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Түркияның, атап айтқанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің аясындағы екі елдің өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Екі ел ынтымақтастығының бағыттарын атай келе, тараптар екіжақты байланысты нығайту үшін қажетті жұмыстарды жалғастыруға деген талпыныстарын жеткізді.

Анкараның қолдауына үлкен бағасын берген Қ.Саудабаев екіжақты қарым-қатынас деңгейі, түрік тарапының халықаралық және аймақтық бірлестіктердегі тәжірибесі Түркия төрағалығы Кеңес қызметін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді деген сенімін жеткізді.

Күн тәртібінде сондай-ақ Ауғанстанды қауіпсіздік және тұрақтылықпен қамтамасыз етуге қатысты мәселелер де қозғалды.

Соңғы жаңалықтар