Қазақстан Президенті Брюссельде террорлық акт құрбандарын еске алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Бельгия Корольдігіне келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Брюссель қаласына келген Мемлекет басшысы 22 наурызда болған террорлық акт құрбандарына арнап «Мальбек» метро стансасында гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Қазақстан Президенті осы рәсім аясында Брюссель астаналық өңірінің Үкіметі басшысының орынбасары Г.Ванхенгельмен әңгімелесіп, қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

- Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісін айыптайды және бельгия халқының қайғысына ортақтасады. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне, ал қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының осы қасіреттен тезірек еңсе тіктеуіне тілектестігімді білдіремін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бельгияға сапар аясында сондай-ақ Қазақстан Президентінің Еуропалық кеңес төрағасы Д.Тускпен және Еуропалық комиссия төрағасы Ж.-К.Юнкермен кездесуі жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram