Қазақстан Президенті даусыз мақтан етуге болатын саңлақ көшбасшылар қатарына жатады - Ресей Федерациясынан келген құттықтау жеделхаттар

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының атына Ресей Федерациясынан көптеген құттықтау жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі. Евгений Примаков өзінің жеделхатында Қазақстан Президентінің даусыз мақтан етуге болатын саңлақ көшбасшылар қатарына жа­татынын атап өтіпті.
None
None

"Біздің халықтарымыздың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында тығыз интеграцияға ұмтылуы Сіздің атыңызбен тікелей байланысты. Сіздің күш-жігеріңізбен тарихи, жалпыадамзаттық мәні бар Еуразия қоғамдастығы формуласы өмірге енгізілуде", - деп жазады ол.

Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі Виктор Черномырдиннің құттықтау жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаевтың көп жылдық жемісті еңбегі әлемнің түкпір-түк­піріндегі миллиондаған адамдарды тәнті еткені айтылады. "Сіздің күш-жігеріңіз өзіңіз негізін салған Қазақстанның мүддесіне, бей­бітшілікті нығайту ісіне, тату көршілік пен сенімді серік­тестік қатынастарды дамытуға, қызметтің бар­лық саласы бойынша халықаралық әріптестікті кеңейтуге қалтқысыз қызмет етіп келеді", - делінген жеделхатта.

"Роснанотех" мемлекеттік корпорациясы­ның бас директоры Анатолий Чубайс өзінің құттықтауында Президент Назарбаевтың ар­қа­сында Ресей көптеген сала бойынша ауқым­ды жобаларды жүзеге асыруда сенімді серіктес және адал дос тауып отырғанына тоқтала келе: "Ресейлік нанотехнологиялар корпорациясында біз жалпы бюджеті 3 млрд. рубльді құрайтын ресейлік-қазақстандық еншілес қорын құруға уағдаласа отырып, инновация саласындағы ын­тымақтастығымызды дамытуға үлес қоса алға­нымыз үшін мақтанамыз. Қор қызметі біздің елдеріміз экономикасының жеделдетілген жаңаруын қамтамасыз етеді", - деп жазыпты.

"Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры С.В.Кириенко Нұрсұлтан Назарбаевты мерейжасымен құттықтап, жемісті еңбек етуін және ойға алған барша жоспары­ның орындалуын тілейтінін білдіріпті.

"Әлі де ұзақ жылдар бойы күш-жігеріңіздің, қайратыңыздың және шығармашылық әлеуе­тіңіз­дің сарқылмауын тілеймін", - депті Қа­зақ­стан көшбасшысына жолдаған өзінің құт­тықтау жеделхатында Ресей Жинақбанкінің бас­қарма төрағасы және президенті Герман Греф.

Президент Н.Назарбаевты мерейжасымен "Газпром" ААҚ басқармасы атынан А.Б.Миллер құттықтады. "Газпромның" бас­қарма төрағасы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының газ саласындағы екі жақты тиімді серіктестігі одан әрі табысты дами беретініне және нығая түсетініне сенім білдіріпті.

Башқұртстан Республикасының Президенті М.Рахимов Нұрсұлтан Әбішұлын мерейжасы­мен қызу құттықтай отырып, өзінің жедел­хатын­да былай деп жазады: "Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени әлеуетін қарқынды арт­тырып келеді, әлемдік қоғамдастыққа белсенді кірігуде. Біздің республикаларымыздың арасындағы іскерлік байланыстар да барған сайын жандана түсуде".

Ингушетия Республикасының Президенті Юнус-Бек Евкуров Қазақстан Президентінің бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөлін өте жоғары бағалайды. Евкуров өзінің жеделхатында: "Қазақстан ингуш халқы үшін екінші Отан болып саналады. Қазақ халқы да ингуштардан өздерінің адал сенімді достарын тауып отыр", - деп жазады.

Ресей Федерациясы Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев өз жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаевқа "асқан дана адам, мойындалған көшбасшы және тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізін қалаушы" ретінде өте жоғары құрмет білдіріпті. Кемеров облысының губернаторы "Қазақстанның экономикадағы, әлеуметтік саладағы феномендік жетістігі" Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік қызметі барысында Қазақстан халқы үшін өлшеусіз күш-жігер жұмсағанының көрінісі деп санайды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейжасына байланысты ақ тілекке толы құттықтаулар Ресей Федерациясының өзге облыстары губер­наторларынан көптеп түсті. Атап айтқанда, Орынбор облысынан Ю.А.Берг, Астрахань облы­сынан А.А.Жилкин, Саратов облысынан П.Л.Ипатов, Свердлов облысынан А.С.Ми­ша­рин, Пенза облысынан В.К.Бочкарев, Киров облысынан Н.Ю.Белых, Мурманск облысынан Д.В.Дмитриенко, Калининград облысынан Г.В.Боос құттықтаулар жолдаған.

Ресей Орталық сайлау комиссиясының төрағасы В.Е.Чуров Президент Нұрсұлтан Назарбаевты мерейжасымен құттықтап, мерей­жас иесіне зор денсаулық және Қазақстанды дамыту жолында жаңа табыстар тіледі.

Қазақстан Президентінің атына РФ Мемлекеттік Думасындағы "Біртұтас Ресей" фракциясы жетекшісінің бірінші орынбасары, Кеңес Одағының және Ресей Федерациясының Батыры А.Н.Чилингаровтан құттықтау жедел­хаты келді. Белгілі ғалым, поляр зерттеушісі Ресей мен Қазақстан арасындағы берік дос­тықты нығайтудағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлін жоғары бағалайды. "Мен біздің кездесулерімізді ыстық ықыласпен еске аламын және Ленин­град қоршауы жылдарында өзіме пана болған Қазақстанға шексіз ризашылығымды білдіремін", - деп жазады А.Н.Чилингаров.

Ресейлік парламентшілер де өздері жолдаған құттықтау хаттар мен жеделхаттарда Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетке сіңірген еңбегін үлкен құрметпен атап өтеді және мерейжаспен құттықтайды. Олар: РФ Федералдық Жиналысы Федералдық Кеңесінің мүшелері А.А.Аслаханов, Ю.В.Смирнов және Н.И.Рыжков, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты О.В.Савченко, Алтай өлкелік заңшығару жиналысының төрағасы И.И.Лоор.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты мерейжасымен және Астана күнімен ТМД Экономикалық сотының төр­аға­сы Ф.Абдуллоев, РФ Президентінің кеңесшісі Ю.К.Лаптев, "Днепровский меткомбинат" ААҚ бас директоры И.Д.Буга, "КамАЗ" ААҚ бас ди­рек­торы С.А.Когогин, "Мечел" ААҚ бас ди­рек­торы И.В.Зюзин, "Банк ВТБ" ААҚ президенті-төрағасы А.Л.Костин, Ресей Агроөнеркәсіптік одағының төрағасы И.А.Оболенцев, "МРСК" хол­дингінің бас директоры Н.Н.Швец, С.М.Вайнш­ток, ИТАР-ТАСС ақпарат агент­тігінің директоры В.Н.Игнатенко, "Новые Извес­тия" газетінің бас редакторы В.В.Яков, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясының ректоры В.К.Егоров, Омбы университетінің профессоры Н.А.Томи­лов, Днепропетровск облыстық кеңесінің төрағасы Е.Г.Удод, Днепродзержинск экономика және менеджмент институтының директоры В.Швец және Днепродзержинск украин-қазақ достығы қоғамының тең төрағасы Л.Ежевский құттықтады.

Қазақстан Президентінің атына белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен де ақ тілектерін арнаған құттықтаулар келіп түсті. Олардың ішінде кинорежиссер Георгий Данелия, Ресей халық әртістері Владимир Винокур, Алексей Гуськов, КСРО халық әртістері Надежда Павлова, Игорь Лученко, ақын Анатолий Лукьянов-Осенев, РФ еңбек сіңірген әртісі Анита Цой бар.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты мерей­жа­сымен Беларусь, Қырғызстан, Ресей және басқа да Достастық елдерінің азаматтары хат, же­дел­хаттар арқылы құттықтады: Великие Лукиден В.С.Гаркуша, Бішкектен А.Какеев пен Е.С.Аб­дикаимов, Краснодар өлкесінен С.В.Ян­ковский, Киев қаласынан А.П.Мурашко, Ека­теринбургтен Б.Е.Поляков, Пензадан Зино­вьевтер отбасы, Астраханьнан М.Бисенгалиева, Благовещенскіден В.Нихаенко, Р.Х.Макуев, Мәскеуден В.Лобов, Зелено­град­тан Г.В.Боева және Омбыдан А.Ордабаев құттықтау жолдапты.

Соңғы жаңалықтар