20:21, 08 Мамыр 2012 | GMT +5
Қазақстан Президенті Дмитрий Медведевке РФ Үкіметінің Төрағасы қызметіне тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы қызметіне тағайындалуына орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Қазақстан Президенті Дмитрий Медведевтің осы жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметі Ресей Федерациясының одан әрі дамуы мен нығаюына ықпал ететініне сенім білдірді.
«Біздің елдеріміз арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар, белгіленген мақсаттар мен қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі жолындағы сындарлы әріптестікті кеңейту үшін берік негіз болатынына сенімдімін», - делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке зор денсаулық және Ресей Федерациясы Үкіметінің басшылығында жаңа жетістіктер, ал ресей халқына - бейбітшілік пен өркендеу тіледі.