Қазақстан Президенті ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің арнайы мәжілісіне қатысушыларға бейнежолдау жасайды

Одан кейін сөз кезегін Ұйымның қазіргі төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев алады. Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Қазақстанның осынау ұйымдағы төрағалығының күнтәртібіндегі негізгі мәселелерге тоқталады.
Қазақстан ағымдағы халықаралық беделді ұйым - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық ету қызметін бастайды. Өткен жылғы желтоқсанның 1-2-сі күндері Афиныда өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 17-ші отырысында осы ұйымға төрағалық етіп келген грек тарапы Қазақстанға ЕҚЫҰ төрағалығын ресми түрде тапсырған болатын.
Аталмыш ұйым тарихының бастауы 1970 жылдардың бас кезінен, яғни НАТО мен социализм елдерінің арасындағы диалог үдерісін жеделдеткен 1968 жылғы Чехословакиядағы оқиғалардан кейін басталды. 1970 жылдардың бірінші жартысында өткізілген бейтарап Хельсинки мен Женевадағы көптеген келіссөздерде ынтымақтастық ахуалы біртіндеп идеологиялық күрестің ығыстырыла түсуіне ықпал етті. 1975 жылы Шығыс пен Батыстың арасындағы диалогты жолға қою мақсатымен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі деп аталатын көптарапты форум шақырылды. Онда қабылданған Хельсинки қорытынды актісі (яғни «Хельсинки диалогы») мемлекеттердің арасындағы қатынастардың принциптерін айқындап берді, сондай-ақ бірқатар салаларда ынтымақтастықты дамытудың нақты қадамдарын белгіледі. 1964 жылғы Будапешт саммитінде Кеңес Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) деп аталатын жаңа мәртебесіне ие болды. ЕҚЫҰ бүгінде еуроатланттық және еуразиялық қауіпсіздік архитектурасының маңызды бөлігі болып табылады.
Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 жылдан бері тұрақты мүше болып келеді.