Қазақстан Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Биылғы жыл - ел тарихы үшін ең еңселі жыл. Енді санаулы күндерден кейін бүкіл қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесін тойлайды.
Еліміз өз тәуелсіздігін жариялаған 20 жыл ішінде ғасырларға бергісіз даму жолынан өтті. Ата Заңымыз қабылданып, ұлттық теңгеміз енгізілді. Тәуелсіздіктің қорғаны - Қарулы күштер құрылып, барлық көршілерімізбен мемлекеттік шекарамыз берік шегенделді. Ұлтаралық татулық пен діни келісімге негізделген сарабдал саясаттың арқасында көпұлтты қазақстандықтар арасында береке-бірлік орнады. Саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылып, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы ойдағыдай орындалуда. Қаржы реформасы жүргізіліп, ел дамуының кепілі - Ұлттық қор құрылды. Ғылым, білім, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт саласында аса ірі жетістіктерге қол жеткізілді. Сіздің батыл да көреген шешіміңіздің арқасында елордамыз Астанаға көшіріліп, қазақ даласының төрінде елдің рухын асқақтатқан болашақтың қаласы бой көтерді. Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделі артып, 2010 жылы еліміз Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасап, тарихи маңызы зор Астана декларациясы қабылданды. Биыл да Қазақстанның Ислам Ынтымақтастығы ұйымы мен түркітілдес елдердің Түрік кеңесіне төрағалығы табыспен жалғасуда.
Тәуелсіздік жылдары ұлт мәдениеті айтарлықтай өсіп-өркендеді. Астанада Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Өнер университетінің ғимараты, Орталық концерт залы салынып, жаңа Опера және балет театрының құрылысы зор қарқынмен жүргізілуде. Ұлт мәдениетінің тарихы мен жетістіктерін түгендеген «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасы жүзеге асуда. Соңғы 20 жыл ішінде 18 жаңа театр, 61 музей ашылып, шығармашыл жастар шет елдердің жетекші өнер ордалары мен оқу орындарында білім алуда. Елімізде 15 орыс театрымен бірге корей, ұйғыр, неміс және өзбек театрлары да жұмыс істеуде. Осының бәрі Сіз жүргізіп отырған татулық пен келісімге, жасампаздыққа негізделген сара да дана саясаттың арқасы.
Еліміздің барша мәдениет қайраткерлері атынан республика Үкіметі мен Парламент Сенатының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Халық Қаһарманы» атағын иелену туралы заңнамаға толықтырулар енгізу жөніндегі шешімін шын жүректен қолдайтынымызды білдіреміз. Бүкіл өмірін туған халқына қалтқысыз қызмет етуге арнап, Қазақстанды әлемдік саясаттың биігіне көтерген Сіз - жоғары мәртебелі Елбасы - мұндай атаққа әбден лайық тұлғасыз. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық торқалы тойы қарсаңында мұндай шешімді барша мәдениет қайраткерлерінің, бүкіл қазақстандықтардың қызу қолдайтынына кәміл сенеміз.
Ермек СЕРКЕБАЕВ, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты; Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты; Еркеғали РАХМАДИЕВ, КСРО халық әртісі, Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты; Шамғон ҚАЖЫҒАЛИЕВ, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Роза ЖАМАНОВА, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Асанәлі ӘШІМОВ, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты; Анатолий МОЛОДОВ, КСРО халық әртісі; Рамазан БАПОВ, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Әлібек ДІНІШЕВ, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Жәния ӘУБӘКІРОВА, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Айман МҰСАҚОЖАЕВА, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты; Нұрлан ОРАЗАЛИН, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Балнұр ҚЫДЫРБЕК, Қазақстан Композиторлар қауымдастығынын төрайымы; Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Байтұрсын ӨМІРБЕКОВ, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Игорь ВОВНЯНКО, Қазақстан Кинематографистер одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ, Қазақстан Дизайнерлер одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Дүйсенбек НАҚЫПОВ, Қазақстан Хореографтар одағының төрағасы; Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, Президенттік мәдениет орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор; Юрий ПОМЕРАНЦЕВ, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Рубен АНДРИАСЯН, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Раушан БАЙСЕЙІТОВА, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Базарғали ЖАМАНБАЕВ, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Досхан ЖОЛЖАҚСЫНОВ, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Нұржұман ЫҚТЫМБАЕВ, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Сәбит ОРАЗБАЕВ, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Нұрғали НҮСІПЖАНОВ, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Роза РЫМБАЕВА, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Нұржамал ҮСЕНБАЕВА, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Роза ӘШІРБЕКОВА, Қазақстанның халық әртісі; Лия НЭЛЬСКАЯ, Қазақстанның халық әртісі; Зәмзагүл ШӘРІПОВА, Қазақстанның халық әртісі; Есмұхан ОБАЕВ, Қазақстанның халық әртісі; Хорлан ҚАЛИЛАМБЕКОВА, Қазақстанның халық әртісі; Ғафиз ЕСІМОВ, Қазақстанның халық әртісі; Курбанжан АБДРАСУЛОВ, Қазақстанның халық әртісі; Зенатгуль АКБАРОВА, Қазақстанның халық әртісі; Сұлтан БАЙСҰЛТАНОВ, Қазақстанның халық әртісі; Сара ТЫНЫШТЫҒҰЛОВА, Қазақстанның халық әртісі; Талғат ТЕМЕНОВ, Қазақстанның халық әртісі; Тұяқберді ШӘМЕЛОВ, Қазақстанның халық әртісі; Гүлжамилә ҚАДЫРБЕКОВА, Қазақстанның халық әртісі; Гаухар МЫРЗАБЕКОВА, Қазақстанның халық әртісі; Гүлжан ТҰТҚЫБАЕВА, Қазақстанның халық әртісі; Әмен ХАЙДАР, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Юрий КАПУСТИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Гүлжамал ҚАЗАҚБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Владимир ТОЛОКОННИКОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Ирина ЛЕБСАК, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Сатыбалды НАРЫМБЕТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Валерия КРЫМСКАЯ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Роза ЛИМ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі; Мұхтар ӨТЕУОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі; Виктор АШАНИН, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі; Жалғасбек БЕГЕНДІКОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі; Зоя КИМ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі; Болат ҚАЛЫМБЕТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі; Жаннат ҚУАНЫШЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі; Александр МУН, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі; Марат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі; Ғабит НЕСІПБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі; Ахметжан ҚАДЫРОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Төлеубек ӘЛПИЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Қанат ТҰЯҚБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Еркебұлан МҮСІРЕП, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Сәулебек АСЫЛХАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Олег ЛИ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Әмір ҚАРАҚҰЛОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Ермек АМАНШАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Ермек ШЫНАРБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Берік ӘЛІБАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Ғалым АХМЕДИЯРОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.