09:05, 17 Тамыз 2021 | GMT +5
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары Көк үйдегі ресми рәсімнен басталды.
Қазақстан Президентін Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Ин салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті.
Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін, мемлекеттер басшылары Құрмет қарауылын бойлай өтіп, екі елдің туына тағзым етті және ресми делегациялардың құрамымен таныстырды.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына барғаны хабарланған болатын.