Қазақстан Президенті ҚР Парламенті Мәжілісінің өзін өзі таратуын неліктен қолдағандығын түсіндірді
«Олардың басты аргументтеріне сай елдің конституциясында қабылданған өзгертулер Парламентте кем дегенде екі партияның болуы тиістігін көздейді. Қазір түрлі саяси қоғалыстар бар, дегенмен бір ғана партия - «Нұр Отан» басымдыққа ие. Екінші аргумент, біздің барлығымыз дағдарыстың екінші толқыны келе жатқандығын оқып та, көріп те жүрміз. Және де парламентшілер 2012 жылы күшімізді сайлауға бөлмей, іспен айналысуымыз керектігін айтты. Үшіншіден, Қазақстан қуатты индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруда. Депутаттар оны жүзеге асыру үшін парламентке жаңа заңдар қабылдайтын жаңа адамдар әкелу қажет деп санайды. Мен бұнымен келістім, сонымен қатар бұл парламент өзінің соңғы сессиясында жұмыс істеуде. Парламент өте жақсы жұмыс істеді. Ол дағдарыс кезеңінде жұмыс істеді, біз барлық қажетті заңдарды қабылдадық. Дегенмен таратуға қатысты аргументтермен келістім. Конституцияға сәйкес Президент Парламент лидерлерінің келісімінсіз ақ осыны істеуге құқы бар. Бұл дұрыс, конституцияға сай, заңды», деп түсіндірді Н.Назарбаев.