Қазақстан Президенті Қытайға ресми сапар жасап, Боао азиялық форумына қатысады

БЕЙЖІҢ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына ресми сапар жасап, Боао азиялық форумының жұмысына қатысады.
None
None

Бұл туралы бүгін Бейжіңде баспасөз мәслихатында ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин хабарлады.

Мемлекет басшысының Қытайға ресми сапары 2013 жылдың сәуір айының басында өтеді, деп хабарлады ҚХР СІМ басшысының орынбасары.

ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, Боао азиялық форумының (БАФ) жыл сайынғы сессиясы ағымдағы жылдың 6-8 сәуірі күндері Қытайда өтеді. Форумның биылғы сессиясы «Азия барша үшін дамудың ізденісі үстінде: қайта құрылымдау, жауапкершілік және ынтымақтастық» тақырыбына арналады.

Қазақстан өңірлік экономикалық ықпалдастықтың алға жылжуы мен Азия мемлекеттерінің бірлесіп дамуына бағдарланған форумның негізін қалаған 28 елдің бірі болып табылады.

Сондай-ақ, Боао азиялық форумының алдағы сессиясына ҚХР-дың басшылары қатысады.

Форумға Халықаралық валюта қорының басшысы және бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ірі бизнес құрылымдар мен медиа топтар, Қытайдың және шет елдердің жетекші ғылыми-зерттеу және талдау орталықтары қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар