Қазақстан Президенті Лондондағы Олимпиада ойындарына баруға ниетті

None
None
 АСТАНА.  4 шілде. ҚазАқпарат -  Елбасы Лондон Олимпиадасының кейбір жарыстарын тамашалауға ниетті.  Бұл туралы бүгін Ақордада Лондон Олимпиадасына баратын еліміздің спортшыларын қабылдау кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Мені Ұлыбритания басшылығы Олимпиада ойындарына шақырды. Ол жерге баруға ниеттеніп отырмын. Мүмкін қандайда бір жарыстарға қатысуға мүмкіндік болар, көреміз. Мен сіздердің дайын екендіктеріңізді сезіп отырмын. Сіздердің барлықтарыңыз да тартысты додаға деген құлшыныс зор және мемлекет те оған барлық жағдай жасауда», -деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Алматы мен Астанада жаздық, қыстық жалпы спорттың барлық түрлеріне арналған олимпиадалық жаңа орталықтар ашылады. «Мен Үкіметке спорт проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институтын құру мәселесін зерделеуді тапсырдым», - деді ҚР Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы спорт және дене тәрбиесі ісі агенттігінің, жаттықтырушылардың, спортшылардың тыңғылықты жұмыс істегендерін баса айтты.

«Қазір біз үздік спорттық әлеуетке иеміз. Және оны одан әрі өрістетумен айналысамыз», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар