Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Кембридж университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті

ЛОНДОН. 26 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өзінің Ұлыбританияға жұмыс сапары аясында Кембридж университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті.
None
None

Кездесудің ашылуында Елбасы қонақжайлық үшін және 800 жылдық тарихы бар университеттің қабырғасында дәріс оқуға мүмкіндік берілгендігіне алғысын білдірді.

«Түлектері Исаак Ньютон, Чарльз Дарвин, Нильс Бор, Джон Кейнс, сондай-ақ көптеген өзге де танымал тұлғалар мен Нобель сыйлығының лауреаттары болған, әлемдегі беделді университеттердің бірінде болу мен үшін үлкен құрмет. 8 ғасыр бойы Кембридж университеті әлемдік білім мен ғылымның ошағы болып қалуда, бүтін адамзаттың дамуына сүбелі үлес қосып келеді», - деді Мемлекет басшысы.

Н.Назарбаев қазіргі әлемдегі проблемаларға жеке көзқарасымен және Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлімен бөлісті. Сондай-ақ Елбасы Қазақстан Республикасының даму болашағы туралы айтып берді.

Кембридж университеті - көне тарихы бойынша ағылшын тілді әлемдегі Оксфордтан кейінгі екінші университет. ЖОО 1209 жылы студенттер мен оқытушылар тобымен құрылды. Бүгінгі күні оның студенттерінің жалпы саны 18 мыңнан асып жығылады. Олардың 17 пайызы - шетелдіктер, оның ішінде қазақстандық жастар бар. Кембридж университетінің ректоры Екінші Елизавета ханшайымның жұбайы, ханзада Филип, Эдинбург герцогы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар