Қазақстан Президенті Н.Назарбаев жаһандық деңгейдегі маңызды ойыншы болып табылады - Еурокомиссар О.Рен

РЮССЕЛЬ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық деңгейдегі маңызды ойыншы болып табылады және оған халықаралық және аймақтық проблемаларды шешудегі Қазақстанның соңғы жетістіктері дәлел. Еуроодақтың экономика және валюта саясаты жөніндегі комиссары Олли Рен Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтағы Елшісі, Қазақстанның Еуроодақ және НАТО жанындағы миссияларының басшысы Ерік Өтембаевпен болған кездесуде осындай пікір білдірді.
None
None

Еурокомиссар Қазақстанның оның ішінде Президент Н.Назарбаевтың халықаралық сахнадағы рөліне жоғары баға берді. «Ол кісі жасаған ұсыныстардың, әлемдік қаржылық жүйе өзгеріп отырған бүгінгідей жағдайда, аса өзекті екенін айтып өткім келеді»,- деді О.Рен мырза өз сөзінде.

Сондай-ақ, еуропалық шенеунік Қазақстанның ағымдағы жылы ЕҚЫҰ төрағалығына сайлануына жоғары баға берді және халықаралық проблемаларды шешудегі біздің республикамыздың орталықазиялық аймақтағы рөлінің арта түсіп отырғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар