Қазақстан Президенті Санкт-Петерборға сапары жайында айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жақында Санкт-Петерборда өткен сапары жайында айтып берді. Осы сапар барысында Елбасы РФ Президенті Владимир Путинмен кездесіп, XX Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты.
None
None

«Владимир Путинмен бөлек ауқымды сенімгерлік кездесу өтті. Біз екіжақты, өңірлік мәселелерді, геосаясаттың проблемаларын, лаңкестік мәселесін, Еуразиялық экономикалық одақтың дамуын талқылап, Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қатынастарын қарастырдық. Атап айтқанда, 4 қазанда Астанада ауқымдық қазақстандық-ресейлік бизнес-форум өтеді деп үміттенемін, осы ретте жаңа келісімшарттарға қол қоюға мән беріліп отыр. Бүгінде бірлескен алты мың кәсіпорын жұмыс істеуде және бұл байланыстар өте маңызды», - деді Мемлекет басшысы «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында.  

Сонымен қатар Н. Назарбаев Петербор халықаралық экономикалық форумы аясында РФ бизнесінің үздіктерімен маңызды кездесу болғанын айта келе, онда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы, Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастағалы қол жеткізілген ортақ жетістіктер жөнінде пікір алмасулар өткенін атап өтті.

Сөз соңында Елбасы санкциялар мен қиындықтарға қарамастан Санкт-Петерборға батыстың, америкалық іскер адамдардың, ірі компаниялар басшыларының,  БҰҰ Бас хатшысының және өзге де тараптардың келуі экономикалық форумның өзінің мақсатына жеткендігін білдіріп отырғандығын қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар