18:31, 24 Шілде 2022 | GMT +5
Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық пен серіктестікті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Джидда қаласына ресми сапары аясында Сауд Арабиясы тарапына орденді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.