20:48, 20 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Қазақстан Президенті туған ауылында болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қарасай ауданындағы музей құрылысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Елбасы музей экспозициясында ел Тәуелсіздігінің барлық кезеңдерін, соның ішінде Қазақстанның жаңа елордасы - Астананың салынуын қамту қажет екенін атап өтті.
Музей жанында тәуелсіз Қазақстанның тарихи даму кезеңдерін бейнелейтін барельефті панно салынатын болады. Оның ортасына Мемлекеттік тудың тұғырын орналастыру жоспарланған.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласына және Алматы облысына жұмыс сапары барысында Шамалған ауылына барып, ауылдастарымен бейресми әңгіме өткізді.
Музей құрылысы жеке адамның қаражаты есебінен жүргізілуде. Нысанның құрылысы биылғы 1 желтоқсанда аяқталады деп жоспарланған.