20:43, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Кеңесі қорытындыларына қанағаттанғандығын білдірді
АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мәжілісіне қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2008 жылғы желтоқсанның 19-21-інде Бурабайда өткен мемлекет басшыларының бейресми саммитінде қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, Ұйымға мүше елдер басшылары ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел әрекет ету күштерін құру туралы Кеңестің шешіміне қол қойды.Осылайша, агрессияны анықтау үшін, лаңкестікке қарсы операцияларды, халықаралық қылмыскерлікке, заңсыз есірткі және қару-жарақ айналымына қарсы күрес бойынша арнайы шараларды жүргізу жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюда өзара көмек көрсету үшін бірлескен әлеует құрылатын болды.Сондай-ақ ҰҚШҰ-ның қазіргі Бас хатшысының өкілеттігін ұзарту жөнінде, Ұйымның ағымдағы жылға арналған бюджеті туралы және Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясын 2009 жылғы маусымда Мәскеуде өткізу жөнінде шешім қабылданды.Нұрсұлтан Назарбаев бұл шешімнің ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін айтарлықтай арттыра түсетінін атап өтіп, саммит қорытындысына қанағаттанғандығын білдірді.