12:57, 27 Мамыр 2013 | GMT +5
Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-ның бейресми саммитіне қатысады
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең, 28 мамыр күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бейресми саммитіне қатысуды жоспарлауда.

Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
Оның атап өтуінше, бүгін Сыртқы істер, Қорғаныс министрлерінің, сонымен қатар Қазақстан қауіпсіздік кеңесі хатшысының қатысуымен Бішкекте бірлескен отырыс өтеді деп күтілуде.
«ҰҚШҰ қызметімен байланысты бірқатар мәселелерді және аталған ұйымға мүше мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын дамытудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру қарастырылады деп жоспарланған», - деді ресми өкіл.