Қазақстан Президенті Ядролық қауіпсіздік саммитіне келді

ГААГА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 24-25 наурыз күндері Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке келді.
None
None

Елбасын шара қожайыны - Нидерланды Премьер-Министрі Марк Рютте қарсы алды. Тараптар Саммит логотипі аясында қол алысып, суретке түсті. Осыдан кейін Н.Назарбаев саммиттің ресми ашылу рәсімі өтетін жалпы отырыс залына өтті.

Айта кетерлігі, ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитті өткізуге АҚШ Президенті Барак Обама бастамашы болған еді. Ол билік басына келгеннен бері ядролық қаруды таратпауды АҚШ сыртқы саясатының басты басымдықтарының бірі ретінде айқындауда.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың атап өткеніндей, «Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әрі Семей ядролық полигонын жапқан ел ретінде аталған іс-шараға тікелей қатысы бар».

«Біз мұндай форумның өткізілуіне қуаныштымыз. Өйткені, ол артып келе жатқан тұрақсыздық пен ядролық қаруды деструктивті күштердің ие болу тәуекелінің артуы жағдайында ерекше қажет», - деген еді Елбасы Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесуі барысында.

Саммит жұмысына 58 мемлекет және үкімет басшылары және халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар