Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Мәскеуге келді

МӘСКЕУ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Мәскеуге келді.
None
None

Сапар аясында Елбасы Ресей Президенті Дмитрий Медведевпен және Беларусь басшысы Александр Лукашенкомен кездеседі. Келіссөздер барысында еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастықты тереңдетудің өзекті мәселелері талқыланады.

Кеден одағы және ЕурАзЭҚ қызметінің мәселелері, сондай-ақ үш мемлекет арасындағы ықпалдастықты тереңдету болашағы Мәскеуде өтетін кездесудің басты назарында болады.

Үшжақты кездесу барысында Еуразиялық экономикалық ықпалдастық туралы Декларацияға қол қою жоспарануда. Сонымен қатар, үш елдің президеттерінің қарауына Еуразиялық экономикалық комиссия- 2012 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енетін жаңа ықпалдастық органы туралы Келісімшарт ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар