Қазақстан Президентінің Әзербайжанға ресми сапары аяқталды
Бұл туралы ҚазАқпарат БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы ресми сапармен Әзербайжанға барып, Ильхам Әлиевпен кездесті. Сондай-ақ Президент Әзербайжан басшысымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіп, екі ел арасында маңызды бірқатар құжатқа қол қойылды.
Келіссөздердің нәтижесі бойынша Мемлекеттер басшылар мәлімдеме жасады.
«Біз ықпалдастықты басынан бастадық және бүгінде біз елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық туралы сенімді түрде айта аламыз. Осы серіктестігімізді одан әрі нығайту, оны әртараптандыру туралы декларацияға қол қойылды. Бұл – алға қарай жасалған нақты қадам. Арамызда сенімді саяси диалог орнады, мемлекеттеріміз халықаралық алаңдарда, ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЕҚЫҰ, Түрік мемлекеттерінің ұйымы аясында ынтымақтасып келеді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымының көлемі 3 есе артқанын атап өткім келеді, яғни өсу қарқын сақталып келеді. Алайда жалпы алғанда, бұл нәтиже айтарлықтай көп емес, сондықтан бүгін өзара сауданың абсолютті көрсеткішін арттыруға күш салу жөніндегі уағдаластыққа қол жетті. Мүмкін жақын болашақта миллирадтық меже туралы айтатын болармыз»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: t.me/bort_01