Қазақстан Президентінің Германияға сапары басталды - Немістің www.news-adhoc.com жаңалықтар порталы

МАГДЕБУРГ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - Немістің www.news-adhoc.com жаңалықтар порталы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Германияға сапары басталғанын хабарлауда. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Берлинге сапармен келді.
None
None
Бүгін таңертең оны бундеспрезидент Хорст Кёлер құрметті әскери қарауылмен қарсы алды, түстен кейін ҚР басшысын ГФР канцлері Ангела Меркель қабылдайды деп күтілуде. Келіссөздерде екі жақты ынтымақтастықпен қатар халықаралық және аймақтық тақырыптар, Қазақстанның ішкі саяси дамуы әңгіме өзегі болмақ. 2010 жылы бұрынғы Кеңес одағы республикаларының ішінен Қазақстан алғашқы болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткелі отыр. Кешке Германиядағы Қазақстан жылының салтанатты ашылуы өтеді, оған Нұрсұлтан Назарбаев пен Хорст Кёлер қатысады.
Соңғы жаңалықтар