Ресейдің Су-35 ұшақтары Қазақстан Президентінің бортымен Мәскеуге дейін қапталдасып ұшты

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Су-35
Фото: Ақорда

Еске салсақ, бұдан бұрын Президент 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен баратыны хабарланды.

Борт Президента Казахстана сопровождают истребители Су-35 Минобороны РФ
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Российская газета басылымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мәңгілік достық — халықтарымызға жол сілтер темірқазық» деген тақырыппен авторлық мақаласы жарық көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев авторлық мақаласында екі елдің шекарасы туралы шарттың бекітілгеніне 20 жыл толғанын еске салды.

Кеше Песков Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге мемлекеттік сапарына дайындық барысын баяндады.

Соңғы жаңалықтар