12:36, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Қазақстан регбишілері Олимпиадаға бармайтын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Sports.kz хабарлауынша Ирландияның Дублин қаласында әйелдер арасындағы регби-7 бойынша олимпиадалық іріктеу турнирі өтті.

Қазақстан құрамасы жартылай финалда Испаниядан 0:28 есебімен, содан кейін Ирландиядан 5:17 есебімен ұтылды.
Нәтижесінде регбишілеріміз төртінші орынға тұрақтады. Ал Риода өтетін Олимпиадаға Ресейді 19:12 есебімен ұтқан жеңімпаз испандықтар қатысатын болды.