18:05, 28 Мамыр 2013 | GMT +5
Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан Президенттері «Ресей-Қазақстан-Қырғызстан-Тәжікстан» теміржол жобасы бойынша тиісті ведомстволарға тапсырмалар береді
БІШКЕК. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні ҰҚШҰ-ға кіретін төрт мемлекет басшыларының бейресми кездесуінен кейін ұйымның бас хатшысы Н.Бордюжа Қырғызстанның бастамасымен Ресейден Қазақстан және Қырғызстан арқылы Тәжікстанға дейін тартылатын трансұлттық теміржол құрылысы туралы мәселе талқыланды, деп хабарлады.

Н.Бордюжа бұл мәселе ҰҚШҰ қызметіне қатысты емес, дегенмен, мемлекеттер басшылары өз елдерінің көлік ведомстволарына тиісті тапсырмалар береді, деп атап өтті. Тапсырмалар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына, «Ресей темір жолына» (РТЖ), сондай-ақ Қырғызстан мен Тәжікстанның осындай ведомстволарына беріледі, олар бұл жобаны жүзеге асыру мақсатындағы қаржы және экономикалық қырларын және қажеттігі мәселелерін пысықтайтын болады.