Қазақстан-Ресей шекарасында көлік кептелісі жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша Ресейдің «Маштаково» автомобиль өткізу пунктінде Ресей Федерациясының аумағында кезекте тұрған жүк көліктерінің саны 5 бірлікті құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстан-Ресей шекарасында көлік кептелісі жоқ

«Бейтарап жолақта кезек күтіп тұрған автокөлік құралдары жоқ. Қазақстан Республикасының аумағында «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде импорт пен экспортқа шығу кезегі жоқ»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Ресейдің Маштаково автомобиль өткізу пунктінде 365 жүк көлігі тізіліп тұрғандығы хабарланған болатын.