Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы экономикалық ықпалдастық үш елдің ДСҰ-ға сеніммен кіруіне жағдай жасайды - Н.Назарбаев
Бұл туралы Мәскеуде ресейлік және беларустық әріптестерімен болған кездесуден кейінгі баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Біз елдеріміз арасындағы ықпалдастық ұйымның кейін басқа елдердің қосылуы үшін тартымды жоба болғанын қалаймыз. Кеден одағын құру арқылы біз тауар айналымының еркіндігін қамтамасыз еттік. Ал Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында ортақ нарық, капитал және жұмыс күші үшін жағдай жасалады», - деді Н.Назарбаев.
«Бұл жерде бірнеше ескеретін жайттар бар. Біріншіден, біз елдеріміздің макроэкономикалық көрсеткіштерін келісуіміз керек. Бұл сыртқы қарыз, инфляция деңгейі, ішкі тарифтер, капиталдың еркін қозғалысы мен жұмыс күші сияқты басқа да көрсеткіштер. Екіншіден, біз монополия жөніндегі мәселелерді келісеміз, бұл - теміржолдардағы бірыңғай көліктік тариф, ал 2015 жылға қарай мұнайгаз құбырлары арқылы тасымалдайтын бірыңғай тарифтер», - деп түсіндірді ҚР Президенті.
Елбасының бағалауынша, бұл көрсеткіштердің жетістіктері Еуразиялық экономиалық одақтың құрылғандығы мен оның толыққанды жұмыс істейтінінің дәлелі бола алады. Сол үшін алдағы бес жыл ішінде ұлттық органдарға 175 ұлттық уәкілеттік тапсырылап, ондағы шешімдер ұйымға кіретін елдердің егемендігіне ешқандай нұқсан келтірмейтін жалпыға ортақ пәтуа негізінде қабылданатын болады.
ҚР Президенті сондай-ақ Кеден одағына мүше үш елдің ұйымға мүше мемлекет азаматтарын көші-қон саласында тізімге алу мен үш елдің аумағы бойынша азаматтардың еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шараларын атап өтті. «Оның үстіне, біз елдеріміз ДСҰ-ға өтер алдында өз арамызда экономикамызды бәсекеге қабілетті етіп дайындамасақ, Дүниежүзілік сауда ұйымындағы жұмыстарға дайындала алмаймыз», - деп толықтырды Елбасы.