Қазақстан, Ресей және Беларус арасындағы ықпалдастық үдерістері байсалды және асықпай жүргізілуі тиіс - Н.Назарбаев

Н.Назарбаев 2011 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 25 млрд. АҚШ долларын құрағанын атап өтті. Тұтастай алғанда, экономикалық ықпалдастық үдерістері Кеден одағы елдері арасындағы тауар айналымының 30 пайыз деңгейінде өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бүл көрсеткштер мемлекеттер экономикасының көптеген салалары бойынша елдердің тығыз кооперациясына жағдай жақсара түсуі себебінен пайда болғаны атап өтілді.
«Бүгінде Ресейде қазақстандық капиталдың қатысуымен 3 мың кәсіпорын, ал Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуымен 1 700 кәсіпорын жұмыс жасауы көп жайды аңғартады. Сондықтан да біз барлық мәселелерді қазір талқыладық, біз енді бұл үлкен шартты жаңартпақпыз, оны бүгінгі күн талабына бейімдеп, одан әрі Қазақстан, Ресей және Беларус арасында Бірыңғай экономикалық кеңістік құруға қарай жылжуымыз қажет», - деді Мемлекет басшысы.
«Бұл біздің игілікті мақсатымыз. Біз бұл мәселені бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең таңдаулы нағыз ықпалдастық бірлестік болуы үшін өте байсалды және асықпай шешуіміз қажет», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
ҚР Президенті екі ел арасындағы одақтастық «одан әрі дамып, өрлей беретініне» сенімін білдірді.
В.Путин де екі ел арасындағы тауар айналымы үнемі ұлғайып келе жатқанын атап көрсетті. «Өткен жылғы тауар айналымының көлемі рекордтық көрсеткішке - жиырма млрд. доллардан асып, өсіп отыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш, - деді ол. - Ықпалдастықпен байланысты нәрсенің бәрі қазір тиімді жұмыс жасап отыр».