Қазақстан, Ресей және Тәжікстанның «Арна-Оңтүстік» операциясының барысында 6 мың қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы «Мәскеу-Душанбе» бейнекөпірінің барысында Ресей Федерациясының Есірткі айналымын бақылау жөніндегі федралдық қызметінің директоры Виктор Иванов мәлім етті.
Ол өз сөзінде атап көрсеткендей, Қазақстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің арнаулы қызметтері мен құқық қорғу органдары қыркүйектің 13-16-сы аралығында өткізген бұл операцияның басты мақсаты - орталықазиялық өңірдегі есірткі жағдайын тұрақтандыру, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жедел әрекет етуші ұжымдық күштерін пайдалану тетіктерін жасау болды.
Операцияға үш елдің 40 мыңнан астам қызметкері қатысты. Қазақстанда Ішкі істер министрлігінің, шекара және кеден қызметтерінің, қаржы полициясының өкілдерінен ұлттық ведомствоаралық жедел штаб құрылды. Операцияға барлығы 3 мыңнан астам қазақстандық қызметкер атсалысты.
«Жедел басқару операцияға 1 мыңдай бірлескен жедел топ, 50 мыңдай жүк және жеңіл көлік, 1700 теміржол вагонын жұмылдыруға мүмкіндік берді, соның нәтижесінде 6 мың қылмыстық іс қозғалды, оның 1108-і - есірткінің заңсыз айналымымен байланысты», - деп хабарлады Есірткі айналымын бақылау жөніндегі федралдық қызметінің директоры Виктор Иванов.
Операциялардың барысында 1,3 тоннадан астам есірткі, оның ішінле 1 тонна марихуана, 52 келі героин, 50 келі гашиш, сондай-ақ 500 келіден астам прекурсорлар тәркіленіп отыр. «Біздің елдеріміздің аумағында әрекет етіп келген 904 есірткі бандиттері тұтқындалды», дейді В.Иванов.