Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясы аяқ астынан туындаған ой емес - Қ. Мәми

None
None
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат -  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясы аяқ астынан туындаған ой емес.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында бесінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының қорытындысы бойынша өткен брифингте палата спикері Қайрат Мәми осылай мәлім етті.  

Сенат төрағасының айтуынша, сол тұста Мәжіліс тарқап, Сенат бүкіл заң шығару құқын өз мойнына алып, Парламенттің жұмысын атқарған болатын.

«Сенат депутаттары ақылдаса келе, тарих үшін қысқа 20 жыл ішінде елімізде заманауи кезеңге сай мемлекеттік құрылымның пайда болғанын, осы мемлекеттік құрылымның ресми қызмет етіп жатқан еңбегінің арқасында бірталай жетістікке жеткенімізді, сондай-ақ Елбасы Н. Назарбаевтың көреген, сарабдал саясатының арқасында қазақ көші егемендік алған кезеңнен бері қиын-қыстау кезеңнен сүрінбей аман-есен өткенін ескере отырып, 20 жылдық декларациясын қабылдауға бел буған болатынбыз. 20 жыл ішінде елдің ордасын Астанаға көшіру, саяси-экономикалық реформаларды жүзеге асыру, қырық құрақ елді бір тудың астына жинау орасан зор жетістік, үлкен ерлік екенін біз пайымдадық, соны ойға алдық. Сондықтан да, еліміздің тарихында өшпес із қалдырған айшықты 20 жылды қорытып, бір құжаттың ішінде маңызын паш ету үшін, сондай-ақ келер ұрпаққа бағыт-бағдар беретін, тасқа жазылғандай үлкен іс болсын деп Парламент декларацияны қабылдауды дұрыс деп тапты», - деді Қайрат Мәми. 

 

Соңғы жаңалықтар