18:00, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
Қазақстан Республикасы мен Самоа Тәуелсіз Мемлекетінің арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды
АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Жақында Нью-Йорк қаласында Қазақстан Республикасы мен Самоа Тәуелсіз Мемлекетінің Тұрақты Өкілдері деңгейінде Бірлескен Коммюникеге қол қою арқылы екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

Қазақстан тарапынан құжатқа ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Бірғаным Әйтімова, ал Самоа Тәуелсіз Мемлекетінің тарапынан осы елдің БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Али'иоаига Фетури Элисая қол қойды.