Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасын сайланады

АСТАНА. Тамыздың 1-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - ҚР Парламенті Мәжілісі бюросының отырысында ертең, қыркүйектің 2-сінде өткізілетін палатаның жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы дайындалды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлайды.
None
None

Депутаттар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасын сайлауы тиіс.

Одан кейін депутаттар бірқатар жобаларға қатысты шешімдерді дайындау мерзімдері туралы мәселелерді талқылайды. Таратып айтар болсақ, ол Заңдар: «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы; «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы; «Олимпиада рәмізін қорғау туралы Найроби шартын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Инвестициялық Банкі арасындағы Еуропа Инвестициялық Банкінің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы; «Копенгагенде 1992 жылғы қарашаның 23-25-інде қол қойылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетулерді және Монреальда 1997 жылғы қыркүйектің 15-17-інде қол қойылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетулерді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы; «1998 жылғы қазанның 12-сіндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы; «2006 жылғы мамырдың 5-індегі Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға Қосымша келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытындылар әзірлеу сияқты мәселелер бар.

Соңғы жаңалықтар