15:57, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы наурыздың 6-сына шақырылды
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. ҚазАқпарат осы Өкімнің мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының өкіміҚазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралыҚазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласында 2009 жылғы наурыздың 6-сында сағат 11-де Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы шақырылсын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы О.МұхамеджановАстана қаласы 2009 жылғы наурыздың 2-сі.
№13.