Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында оба ауруы тіркелген жоқ

АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында оба ауруы тіркелген жоқ.    Қытай Халық Республикасының аумағындағы өкпе ауруы түріндегі оба бойынша күрделі індеттік жағдайға байланысты «Қазақстан Республикасына өкпе ауруы түріндегі обаның әкелінуін және таралуын болдырмау бойынша
None
None

алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2009 жылғы 3 тамыздағы № 12  қаулысы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жұқпаның әкелінуіне және таралуына ел тұрғындары арасында жол бермеу мақсатында  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:

- Қытай Халық Республикасы бағытынан келетін жолаушылардың денсаулығында мүмкін болатын клиникалық белгілерді түсіндіріп, олардың ахуалына бақылауды күшейте отырып, әуе, темір жол және автомобиль көлігіндегі санитарлық-карантиндік пунктердің ұдайы дайындығын қамтамасыз етуде;

-  санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен обаға қарсы күрес станциялары өкпе ауруы түріндегі обаның әкелінуі және пайда болуы жағдайындағы дайындығын, клиникалық зертханалар мен обаға қарсы күрес мекемелерінің дайындығын күшейтуде;

- өкпе ауруы түріндегі обаға күдігі бар сырқат анықталған жағдайда, оларды уақтылы ауруханаға жатқызу және емдеу үшін емдеу-алдын алу ұйымдарының дайындығын күшейтуде;

- «М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында референс-зертханасы оба бойынша зерттеулер жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар