Қазақстан Республикасынан Еуразиялық даму банкіне жаңа мүше сайланды

Бұл туралы ҚазАқпарат ЕАДБ баспасөз қызметінен хабарлады.
ЕАДБ Кеңесіне біздің елімізден уәкілетті өкілдің орынбасары болып ҚР Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев тағайындалды. Ол ЕАДБ жоғары басқару органының мүшесі болған, қазір ҚР Президентінің көмекшісі болып қызмет атқаратын Қуандық Бишімбаевты ауыстырды. Бұл туралы тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қол қойды.
Сонымен бүгінгі таңда ЕАДБ Кеңесінің мүшелері мыналар: Виктор Христенко - Ресей өнеркәсіп және сауда министрі; Дмитрий Панкин - РФ қаржы министрінің орынбасары; Болат Жәмішев - ҚР Қаржы министрі; Әсет Исекешев - ҚР Индустрия және сауда министрі; Армен Мовсисян - Армения энергетика және табиғи ресурстар министрі және Иосиф Исаян - Армения энергетика және табиғи ресурстар министрінің орынбасары.
ЕАДБ - Ресей мен Қазақстан 2006 жылдың қаңтарында қатысушы-мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамытуға жәрдемдесу мақсатымен құрған халықаралық қаржы институты.