«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілді

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың бұйрығымен «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілді.

«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілді

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы

2012 жылғы 4 желтоқсандағы №642 Астана қаласы

«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес бұйырамын:

1.Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет регламенті бекiтiлсiн.

2.Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеудi;

2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр Қ. ҚАСЫМОВ.

Құжаттың толық мәтіні