Қазақстан Республикасында органдық донорлықты насихаттау бойынша ауқымды акция басталды - Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Ертең Ұлттық баспасөз клубында трансплантология саласындағы және органдық донорлықты насихаттау бойынша жұмыстың алғашқы қорытындылары мен осы сала бойынша 2012 жылға дайындалып отырған жоспарға қатысты баспасөз мәслихаты өтеді»,
None
None

- деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш шараға Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры - Ажар Төлеғалиева,

«Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының трансплантология жөніндегі кеңесшісі Ғани Құттымұратов, Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас трансплантологы Орынгүл Нарманова, тәуелсіз сарапшы, дәрігер-нефролог Надежда Петухова, Астана қаласы №1 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері, қалалық мәслихат депутаты - Үмітжан Оспанова қатысады.

«Қазақстан Республикасында органдық донорлықты насихаттау бойынша ауқымды акция басталды. Қазақстан үшін бұл шараның маңызы зор: елімізде бауыр, бүйрек, жүрек және т.б. кез-келген донорлық органды ауыстырып салуды қажетсінетін 7 мыңнан астам науқас тұрады. Осы адамдардың көбісінің өмірі қыл үстінде тұр және кез-келген сәтте үзіліп кетуі мүмкін. Олардың арасында балалар да аз емес... Органды трансплантациялау (ауыстырып салу) - адам өмірін сақтап қалудың жалғыз тәсілі. Органдық донорлық - транплантологияның түбірлі мәселесі. Қайтыс болғаннан кейін органдық донорлыққа көзі тірісінде келісу - бұл моральдық, сондай-ақ діни тұрғыдан алып қарағанда адамгершілік әрекет. Сонымен қатар, бұл мәселеге жынысына, жасына, ұлтына, ұстанатын дініне, материалдық игілігіне қарамастан кез-келген адам тап болуы мүмкін. Әдетте ауру айтпай келеді, біздің әрқайсымызды, отбасыларымыздың мүшелерін, достарымызды, әріптестерімізді жаулап ала алады»,-делінген министрліктің баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар