«Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілді

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілді, деп хабарлайды ресми БАҚ.

«Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілді

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы № 658

2012 жылғы 11 желтоқсан, Астана қаласы

«Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қ.С.Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Қ. ҚАСЫМОВ.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8220 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті республикалық БАҚ-та жарияланды.