Қазақстан Республикасының делегациясы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қысқы отырысына қатысу үшін Венаға келді

ВЕНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Кенжеболат Жолдыбай/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының қысқы отырысына қатысу үшін Австрияның астанасы – Вена қаласына келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Тұрақты комитетінің отырысы ертең «Хофбурк» императорлық сарайында ? Венаның нақ жүрегінде басталады. Австрияның бүкіл тарихында «Хофбурк» Габсбургтер әулетін қоса алғанда ықпалды адамдардың резиденциясы болды. Бүгінде мұнда Австрия президентінің ресми резиденциясы орналасқан. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Тұрақты комитетінің отырысында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Жоао Суареш, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрайымы Дора Бакоянни сөз сөйлейді деп күтілуде. Ұйымның Парламенттік Ассамблеясы қысқы сессиясы жұмысының күн тәртібі ауқымында қазақстандық делегация басшысы, Парламент Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевтың арнайы баяндамасы тыңдалады. Сессия жұмысының барысында сондай-ақ "2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне дайындықтың барысы туралы" бағдарламаның таныстырылымы өтеді. Осы және басқа да маңызды шаралар Қазақстан туралы ақпаратттардың мазмұнын байыта түсері сөзсіз. Бағдарламаны ұйымдастыру Қазақстан мен Еуропа елдерінің өзара қарым-қатынастарын дамытудың қуатты локомотиві болмақ.
Соңғы жаңалықтар