Қазақстан РФ-мен және Түрікменстанмен Каспий газ құбыры құрылысы жөніндегі келісімді ратификациялады ? «Синьхуа» агенттігі

БЕЙЖІҢ, Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан, Ресей және Түрікменстан үкіметтері арасындағы Каспий газ құбыры құрылысындағы ынтымақтастық келісімін ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Қытайдың «Синьхуа» агенттігінің кешегі жаңалықтарында жария етілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Келісімге 2007 жылғы желтоқсанда қол қойылған болатын. Ірі бірлескен жоба жаңа газ құбырларын салуды және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуды көздейді. Газ құбырының мақсаты ? Каспий теңізіндегі және Түрікменстан мен Қазақстанның аумақтарындағы басқа да кеніштердегі табиғи газды Ресейге тасымалдау. Газ құбырының жалпы ұзындығы 1600 шақырым, оның 10 шақырымын ? Ресей, ал қалған 1590 шақырым құбырды тең үлеспен Қазақстан мен Түрікменстан салады.
Соңғы жаңалықтар