Қазақстан, РФ және Украинаның астық экспортындағы ұстанымы таяу 10 жылда күшейеді - ЭЫДҰ мен ФАО
1. Өңірде астық азық-түліктеріне сұраныстың жалпы көлемі 3 пайызға өседі. Бұған қоса, оны тұтынудың жан басына шаққандағы өсімі 1 пайызды құрайды. Соңғы 10 жылдың ішінде мал азығына сұраныс 8 пайызға артады. Бұл жануарлар ақуызына сұраныстың артуына түрткі болады. Астық өңір тұтынатын негізгі азық болып қала береді. Ал жүгері мен жемдік астық жем-шөп өндірісі үшін басымдықпен пайдаланыла беретін болады.
2. Жануарлар ақуызына сұраныс жоғары болып қалады. Бұған қоса, өңірлік шектегі айырмашылық күрт сақталады. Шығыс Еуропада және Орталық Азияда ет тұтыну көлемінің жан басына шаққандағы өсімі 10 пайыз көлемінде болжануда. Алдағы он жылдың ішінде Батыс Еуропада ет тұтыну көлемі баяу, небәрі 2 пайызға өсетіндігі күтілуде.
3. Болжамға сәйкес, Батыс Еуропадағы өсімдік шаруашылығы секторының өндіріс көлемі азық-түлік, жем мен биоотынға сұранысының кемуіне, сонымен қатар Шығыс Еуропа мен Батыс Азия елдеріндегі бәсекелестіктің өсуіне байланысты төмендейді. Ет секторы екі есе жылдам өседі. Бұған қоса, құс және шошқа етінің бұл сегменттегі өсімі ауқымды болады.
4. Ақ қант өндірісінің көлемі ЕО елдерінде 2025 жылға қарай шамамен 18 миллион тоннаға өсетіндігі күтілуде және қантқа квота мерзімінің аяқталуынабайланысты нарықты қайта жаңғыртқаннан кейін өңірдің нетто-экспортшыға айналатындығы күтілуде.
5. Толықтай алғанда, болжамға сәйкес Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі алдағы он жылдың ішінде 13 пайызға артады. Астық және майлы дақылдар өндірісінің кеңеюі арқасында өсімдік шаруашылығының 10 пайызға өсуі болжануда. Қарастырылып отырған болжамды кезеңде мал шаруашылығы секторының өсімі 14 пайызға өсетіндігі күтілуде, оның жартысы құс шаруашылығы өндірісінің өсіміне тиесілі болады.
6. Әлемдегі ең жоғары көрсеткіштер аясында Батыс Еуропадағы өсімдік шаруашылығы секторындағы өндірістің одан арғы өсімі күтілмейді және егістік алқаптарының қысқаруы болжанады. Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы астық түсімінің өсімі өсімдік шаруашылығы секторының жалпы өсіміне негізделеді. Болжам бойынша өсім 10 пайызды құрайды. Бұл ретте егістік жерлердің аумағы алдағы он жылда кемінде 5 пайызға артады.
7. Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері астықтың әлемдік нарығында басты ойыншы және астық пен күнбағыс дәнін негізгі экспорттаушы болып қала береді. Ресей, Украина және Қазақстанның аталған дақылдарды өндірудегі және экспорттаудағы ұстанымы күшейеді. Астық экспортының әлемдік көлеміндегі бұл үш елдің үлесі болжамды кезең ішіндегі жалпы өндіріс көлемінің 26 пайызынан 28 пайызына дейін өседі.
8. Ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің өсіміне қарамастан өңір жануарлардың ақуызын сұранысты қанағаттандыру үшін алдағы онжылдықта импортқа арқа сүйеуін жалғастырады. Өңір тұтынатын еттің 10 пайыздық көлемі импорт есебінен қамтамасыз етіле беретін болады.
9. Биоотын өндірісі өңірде төмен деңгейде қала бермек. Бұл елдің мұнай мен газды өндіруші болып табылатындығына немесе биоотын өндірісін ынталандыру саясатының жоқтығы аясында шикізатты экспорттаушы болуына байланысты жайт.
10. Өңір құрғақшылық сынды ауа райы құбылыстарына өте сезімтал. Бұл ауыл шаруашылығы өндірісін үнемі сын-қатер жағдайында болуына итермелейді әрі астықтың әлемдік нарығындағы айқынсыздыққа әкеледі. Бұған қоса, Қара теңіз өңіріндегі экономикалық және саяси ахуалдың кез келген өзгерісі, сонымен қатар жергілікті валютаның сәл ауытқуы сауданың дамуынан әсер етеді.