Қазақстан сапынан Словенияға қарсы алғашқы минуттан кімдер шығатыны белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 13 қазанда футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионындағы Словенияға қарсы құрамын жариялады.

футбол
Фото: ҚФФ

Қазақстан құрамасы сапында алғашқы минуттан қақпашы Игорь Шацкий, қорғаушылар Ян Вороговский, Нуралы Әліп, Александр Марочкин, Марат Быстров шықса, жартылай қорғаныста Аслан Дарабаев, Асхат Тағыберген, Бактиер Зайнутдинов, Ислам Чесноков Бауыржан Исламхан ойын кқрсетеді. Ал шабуылда Абат Айымбетовке мүмкіндік беріліп отыр.

Ал Словения сапынла Ян Облак, Эрик Янжа, Яка Бийол, Ваня Дркушич, Петар Стоянович ,Адам Гнезда-Черин, Тими Элшник, Ян Млакар, Йосип Иличич, Андраж Шпорар, Беньямин Шешко жасыл алаңға шығады.

Кездесу елорда уақытымен 17:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бүгінгі ойында Англиядан келген төрешілер бригадасы қазылық етеді. Бас төреші міндетін Крейг Поусон атқарады. Оған Ли Беттс пен Нил Дэвис көмекшілік жасайды. Төртінші төрешіде сол елдің өкілі Даррен Бонд. 

Соңғы жаңалықтар