Қазақстан саясатындағы гендерлік теңдік деңгейі қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Үкіметінің 22 мүшесінің ішінде тек екі-ақ әйел бар. Ол лауазымдарды Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғаният пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова иеленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазақстан саясаттағы гендерлік теңдікке, Парламенттегі әйелдер санының өсуіне және әйелдердің бизнестегі рөліне деген ұмтылысын мақтан тұтады. Алайда бұл жетістіктердің барлығы күмәнді. Шын мәнінде, ел басшылығында әлі де әйелдер жоқтың қасы, ал Парламент депутаттарының арасында олардың үлесі үштен бірге де жетпейді», - деп жазды Finprom.kz порталы.

Портал мәліметінше, Қазақстанда әйелдердің Мәжілістегі (Парламенттің төменгі палатасы) өкілдігі соңғы 25 жылда өсіп келеді және әрқашан әлемдік орташа көрсеткіштің айналасында болды. Ал 2012 жылы әлемдік көрсеткіштен 24 жыл ішінде екінші рет асып түсті және содан бері төмендеген жоқ. Дегенмен, бұл ерлер санымен салыстырғанда әлі де аз.

Мысалы, «Парламентаралық одақ» пен «БҰҰ-әйелдер» деректері бойынша, Қазақстан 2021 жылы бір палаталы Парламенттердегі немесе Парламенттің төменгі палатасындағы әйелдердің үлесі бойынша әлемде тек 69-орында тұр. 2021 жылы 107 орындық Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 29 әйел сайланды. Бұл депутаттардың жалпы санының 27 пайызын құрайды.

Forbes.kz мәліметінше, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55 пайызды құрайды. Дегенмен, мұнда кейбір ерекшелік бар. Шынында да, мемлекеттік қызметте әйелдер көп. Бірақ олар негізгі емес әкімшілік қызметтерді атқарады. Әкімшілік қызметте де басшы қызметтегі әйелдер өте аз — бар болғаны 4 пайыз.

Мемлекеттік саяси қызметшілер арасында әйелдердің үлесі 2021 жылы 9,1 пайызды құрады. 2000 жылдан бері бұл көрсеткіш небәрі 0,3 пайыздық тармаққа өсті. Мәслихаттардағы, жергілікті билік органдарындағы әйелдердің үлесі де аз.


Соңғы жаңалықтар