Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсіміне Ресейден үш ғарышкер келді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Халық қаһарманы, ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтті.

«Казахстан никогда тебя не забудет»: в Алматы простились с космонавтом Талгатом Мусабаевым
Фото: Kazinform

Қоштасу рәсіміне қатысқандар қатарында — Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов, Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, Парламент Сенатының депутаты Сүйіндік Алдашев болды.

В Алматы прощаются с космонавтом Талгатом Мусабаевым
Фото: Kazinform

Ерлан Қарин аты аңызға айналған ұшқыш-ғарышкер, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың қайтыс болуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді.

В Алматы прощаются с космонавтом Талгатом Мусабаевым
Фото: Kazinform

Сондай-ақ Халық қаһарманы, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров жиналған жұрт алдында сөз сөйледі.

В Алматы прощаются с космонавтом Талгатом Мусабаевым
Фото: Kazinform

— Ол шынайы батыр еді. Талғат туралы естелік Қазақстан мен Ресейде ғана емес, бүкіл ғарыш қауымдастығында сақталады. Ғарыш әлемі — біртұтас. Ғарышкерлер қай елде тұрса да, қай ғарыш айлағынан ұшса да, қайда кетсе де, олар өз мамандығына, ғарышқа адал болып қалады. Өйткені бізді ғарыш біріктірді. Мұны енді ешкім өшіре алмайды. Талғат Амангелдіұлы, сен Қазақстан үшін көп еңбек сіңірдің. Сен нағыз патриот азамат болдың — бұған мен куәмін. Сен мұның бәрін таза жүрекпен, адал ниетпен істедің. Саған қоштасар сәтте айтарым: Талғат, Қазақстан сені ешқашан ұмытпайды. Жаның жай тапсын, ардақты досым, — деді Тоқтар Әубәкіров.

«Казахстан никогда тебя не забудет»: как прощались с Талгатом Мусабаевым в Алматы
Фото: Kazinform

Сонымен қатар аңыз адаммен қоштасу үшін Ресейден үш ғарышкер келді — «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы бас директорының орынбасары Сергей Крикалев, ғарышта болған уақыты бойынша рекорд иесі Олег Кононенко және Кеңес Одағының Батыры Анатолий Арцебарский.

— Талғат Мұсабаевтың өмір жолы — Қазақстан мен Ресей жастары үшін және көкке, ғарышқа ұмтылғандар үшін жарқын үлгі. Талғатпен алғаш рет көп жыл бұрын КСРО чемпионаттарында жоғары пилотажда кездескен едік. Біз әртүрлі командаларда өнер көрсеттік, бірақ ұшқыш ретінде бір-бірімізді білдік. Кейін ғарышкерлер құрамында қайта жолықтық. Оның биікке, көкке ұмтылысы — үлгі еді. Талғат алдымен ғарышкер-зерттеуші ретінде, кейін борт инженері, одан соң экипаж командирі ретінде ғарышқа сапар шекті. Ортақ ғарыш бағдарламамызға ол үлкен үлес қосты, — деді Сергей Крикалев.

В Алматы прощаются с космонавтом Талгатом Мусабаевым
Фото: Kazinform

Аңызға айналған ғарышкермен қоштасудан кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ алаңында жаназа намазы оқылды.

Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі
Фото: Kazinform
«Казахстан никогда тебя не забудет»: в Алматы простились с космонавтом Талгатом Мусабаевым
Фото: Kazinform
«Казахстан никогда тебя не забудет»: как прощались с Талгатом Мусабаевым в Алматы
Фото: Kazinform

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтіп жатқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар